Қазақ тарихының ақтаңдақ беттері: оқу орындарын әлеуметтік-жат элементтерден тазарту науқаны

Авторлар

  • Данагүл Махат "Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ" КеАҚ Автор

Аңдатпа

Коммунистер ХХ ғ. 20-30 жж. кеңестік жаңа адам қалыптастыруды мақсат етіп, «әлеуметтік жат элементтерге» қарсы қарқынды күрес жүргізді. Университет, институт, академия, техникумдар мен мектептерде партияның тазарту науқаны жүріп, оқытушылар мен қызметкерлердің, студенттердің әлеуметтік шығу тегі тексерілді. «Әлеуметтік жат элементке» жатқызылғандар партия қатарынан, қызметтен, оқудан қуылды.

      Зерттеуде Ф. Голощекиннің 1925 жылдың күз айында БК(б)П Қазақ Өлкелік комитетіне келгеннен кейінгі кезеңде жеделдете жүргізілген ірі революциялық науқандарының (ауылды кеңестендіру, егіндік және шабындық жерлерді бөлу, ірі байлар мен жартылай феодалдарды тәркілеу) білім беру саласына әсері, өз елімізде ғана емес, Мәскеу, Ленинград, Ташкент, Саратов, Орынбор, Омбы сияқты өзге де оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық жастардың тағдыры қарастырылған. Оқу орындарын алашордашылар мен бай-кулактардың, саудагерлердің, діни қызметкерлердің, төңкеріске дейін патша мекемелерінде жұмыс жасаған адамдардың балалары мен жақын туыстарынан тазарту науқаны қалай жүрді, оқудан шығарылып, қуғындалған азаматтар кімдер? Олардың есімдері анықталып, тың деректер  ғылыми айналымға қосылды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Мақалалар

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қазақ тарихының ақтаңдақ беттері: оқу орындарын әлеуметтік-жат элементтерден тазарту науқаны. (2024). "Қазақ тарихы" ғылыми журналы, 1, 4-18. https://journal.historyculture.kz/index.php/journals/article/view/12