Түркі халықтарының баспаналары орыс зерттеушілерінің еңбектерінде  (ХІХ ғасырдың соңы)

Авторлар

  • Гулжазира Естаевна Абикенова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Автор
  • Тұрғанжан Төлебаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Автор https://orcid.org/0000-0001-7376-9732

Аңдатпа

Адамзат пайда болған кездерден бері оның өмірінде басына қалқа болып, жеке немесе отбасылық тұтыныста болған тұрғын-жайлар маңызды орын алып келеді. Материалдық мәдениеттің құрамдас бөлігіне айналған тұрғын-жай немесе баспаналар алғашқы қауымдық қоғам кезеңіндегі үңгірлерден бастап, жер үстіндегі қарапайым күркелерден тұрды және біртіндеп әр аймақта әртүрлі қалыптасу мен даму кезеңдерін бастан өткерді. Адамзат баласы табиғи ортаға бейімделу барысында жер бедерінің ыңғайына қарай өздеріне лайықтап тұрғын-жайларды салып отырды. Аз зерттелген мәселенің бірі түркі халықтарының баспанасының тарихы болып табылады. Олардың қатарында көшпелі өмір салтына негізделген жасалған қазақ халқының киіз үйі де бар. Қоршаған ортаның ыңғайына қарай қазақтың көшпелі мал шаруашылығының өрісі мен  қоныстары жылдың төрт маусымына қарай қыстау, көктеу, жайлау және күзеу деп төртке бөлінді. Әдетте көктеу мен күзеу бір орында болса, ал қыстауда малшылар құйма кесектен немесе соқпа тамнан немесе  тастан қаланған үйлерде қоныстанды. Ал орманды өңірлерде, ағаштан қиылған үйлерде қыстап шықса, жылдың басқа мезгілдерінде көшіп-қонуға ыңғайлы, бір орыннан екінші орынға көшіру кезінде киізбен қымталып, қаңқасы жеңіл ағаштан жасалып, тез құрстырылып, тез жиналатын ыңғайлы киіз үйді пайдаланды[1].

 Киіз үй біздің заманымыздан бұрынғы ҮІІ ғасырдан бастап  кеңінен пайдаланылып, киіз басу белгілі бір еңбек кәсібіне айналған. Киіз үй көшпелілердің көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама баспана еді. Сонымен қатар климат жағдайы суық аймақтарда тастан қаланған, балшықтан сыланған, ағаштан қиылған баспана түрлері де кездесі. Бұл  баспаналар көшпелі өмір салтын ұстанған түркі халықтарының ортақ баспанасы деп айтуға болады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Мақалалар

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Түркі халықтарының баспаналары орыс зерттеушілерінің еңбектерінде  (ХІХ ғасырдың соңы). (2024). "Қазақ тарихы" ғылыми журналы, 1, 28-40. https://journal.historyculture.kz/index.php/journals/article/view/13