Иштван Шанта және Давид Кара Шомфай. Азияның жүрегінен келген хаттар мен фотосуреттер. Дьөрдь Алмашидің Орталық Азияға екінші зерттеу сапары (1906)
Аңдатпа
ХIХ ғасырдың ортасында орыс патшалығының бодандық қамытын киген әлемнiң ең шалғайда да, құпиялы түкпiрi Орта Азияға еуропалықтар, әсіресе индо-американдықтардың қызығушылығы ауғаны белгiлi. Британдықтар Үндістан тарапынан ықпалын жүргізуді әрекет етсе, Ресей өңірді «Шығысқа ашылған қақпа» ретінде стратегиялық әскери игеру саясатын белсенді жүргізді. Орыс саяхатшылары, еуропалықтар да түрлi жолдармен жан-жақтан келiп, зерттеу, барлау жүргізіп жатты. Олардың арасында Н.Мосер, Просковец, Каудер, Футтерер, Шуберт вон Соуен, Албрехт, Ю.Скайлер, С.Грэхэм сияқты атақты жиһанкез ғалымдар болды. Осы іргелі миссия арасында мажар ғалымы Алмаши Дьөрдь еңбегі өз заманында үлкен серпіліс тудырған (Чолноки Иенө сөзі). Алайда, мажарстан шығыстануында оның еңбегі объектвті және субьективті себептермен ескерусіз қалып келді.