Асатаяқ: этноархеологиялық артефакт және қолданбалы өнер туындысы ретіндегі интерпретациясы

Авторлар

  • Тәттігүл Қартаева әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Автор
  • Естай Даубаев Т. Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер Академиясы Автор https://orcid.org/0000-0002-0045-3398

Аңдатпа

Асатаяқ  – «аса» және «таяқ» бір мағынадағы сөздерден құралған. Аса –  араб-иран тілдерінде де «таяқ, таяқша» мағынасын береді.  Асатаяқтарды жасалу материалына қарай тастаяқ, ағаш асатаяқ, темір асатаяқ деп, ал жасалу кезеңіне қарай археологиялық және этнографиялық кезең ескерткіштеріне топтастыруға болады. Ежелгі Антика мемлекеттерінде skeptronаса билеушілердің басқарушы ретіндегі статусын аңғартатын белгі, символ саналды. Skeptron   асаның билік атрибуты ретіндегі қолданысы орта ғасырларда одан әрі жалғасты. Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінде «аса/асатаяқтың» көпқырлы сипаты болды. Тарихи дәуірлерінде асатаяқ хан, сұлтандардың билік символы ретінде саналғаны белгілі. Асатаяқ діни лауазымды тұлғалардың діни атрибуты, бақсылар ғұрыптық-магиялық таяғы ретінде де қызметі болды. Асатаяқпен байланысты фольклорлық мұралар оның қолданыстық аясын аша түседі. Асатаяқ иемденген мемлекеттердің, халықтардың арасында асатаяқтың тарихи-мәдени сипаты, оны ұстаған иесінің тарихи ролімен тығыз байланысты, яғни иесінің қоғамдағы әлеуметтік статусын айғақтайтын символдық мәнге ие, ал бейнесінің айырмашылығы жасалау материалы мен пішінінде болды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Мақалалар

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Асатаяқ: этноархеологиялық артефакт және қолданбалы өнер туындысы ретіндегі интерпретациясы. (2024). "Қазақ тарихы" ғылыми журналы, 1, 73-82. https://journal.historyculture.kz/index.php/journals/article/view/16

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары