МҰХАММЕД ХҰСЕЙН ШАХДИЯРДЫҢ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕ ДӘСТҮРЛІ ТАҒАМДАР МЕН СУСЫНДАРДЫҢ БЕЙНЕЛЕНУІ

Авторлар

  • Gulnar rahman institute of History and Ethnology named after A.A. Bakikhanov Автор

Кілт сөздер:

Әзербайжан, Мұхаммед Хұсейн Шахрияр, Хейдәрбабаға сәлем, тағамдар, сусындар

Аңдатпа

Мақала әзербайжан ақыны Мұхаммед Хұсейн Шахриярдың (1906–1988) шығармаларындағы тағамдар мен сусындардың зерттелуіне арналған. Өткен ғасырда өмір сүріп, шығармаларын жазған автордың еңбектерінде этнология ғылымы үшін маңызды ақпараттар көрініс табады. ХХ ғасырдағы бірқатар ақындар мен жазушылардың шығармалары халықтың күнделікті өмірі мен тұрмыс-тіршілігін зерттеуде дереккөз ретінде қызмет етеді. Белгілі болғандай, этнографиялық сауалнамалар мен бақылаулар негізгі ғылыми әдістер болып саналса да, ақпарат берушілердің қартаюына байланысты зерттеулер шектеліп, өткен өмір салтына қатысты мәліметтер азайып барады. Осы тұрғыдан алғанда, көркем әдеби үлгілерге жүгіну орынды әрі ғылыми тұрғыдан маңызды.

М.Х.Шахриярдың шығармаларында нанның бірнеше түрлері (тандур наны, сәңгек және т.б.), тағамдар (бозбаш, балле, говурга, булама және т.б.), сусындар (айран, сүт, шай және т.б.), сондай-ақ тағам дайындау мен қолдануға қатысты мәліметтер, аспаздық құрал-жабдықтар (тандур, ошақ, қура) аталып өтеді. Мақалада ақын шығармаларында кездесетін тағамдар мен сусындар тізімі беріліп, олар туралы ақпараттар аға буын өкілдерінен жиналып, этностың тамақ мәдениетіне деген көзқарасы талданады. Мақсат — ұмыт қалған ас үй мен дастархан мәдениетін қайта жаңғыртып, оның пайдалы жақтарын қазіргі қоғамның игілігіне ұсыну. Сондай-ақ ақын шығармашылығы материалдық мәдениеттің басқа да элементтеріне бай екенін атап өткен жөн.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Мақалалар

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

МҰХАММЕД ХҰСЕЙН ШАХДИЯРДЫҢ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕ ДӘСТҮРЛІ ТАҒАМДАР МЕН СУСЫНДАРДЫҢ БЕЙНЕЛЕНУІ. (2025). "Қазақ тарихы" ғылыми журналы, 2, 50-54. https://journal.historyculture.kz/index.php/journals/article/view/56

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.