Ортағасырлық қолөнер (Әзірбайжанның ерлік эпостары негізінде)
Кілт сөздер:
Әзірбайжан, ерлік, эпос, қолөнер, этнологияАңдатпа
Аңдатпа. Мақалада Әзірбайжанның ерлік эпостарында («Деде-Қорқыт», «Көроғлы», «Қашақ Нәби») кездесетін қолөнер мәселелері қарастырылады. Мұнда негізінен зергерлік, теміршілік, ұста ісі, жібек тоқу, кілем тоқу, киіз басу, қыш жасау, тас өңдеу, ағаш ұсталығы, ер-тоқым жасау секілді кәсіби және көркем өнер салаларының этнографиялық сипаттамасы мен талдауы беріледі. Мақала авторы аталған кәсіби және көркем өнер салаларының аймақта пайда болуы кездейсоқ емес екенін атап өтеді. Бұл, ең алдымен, Әзірбайжанның табиғи шикізатқа бай болуымен, сондай-ақ өңір тұрғындарының көпжылдық тәжірибесі мен білімінің болуы себепті орын алған. Мақалада жылқының күнделікті өмір мен соғыстағы рөлінің артуы, әсіресе атты әскер түрлерінің пайда болуына байланысты ер-тоқым мен басқа да ат әбзелдерінің өндірісі шебер қолөнершілердің еңбегін талап еткендігі атап көрсетіледі. Осындай қажеттіліктерді өтеу үшін ер-тоқым шеберлігі кәсібі қалыптасқан.