ЖАҢА АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ТАБЫСТАР, ӘЗІРБАЙЖАННЫҢ ОРТА ҒАСЫРЛАР ТАРИХЫНА ҚАТЫСТЫ
Кілт сөздер:
Нахчыван, жәдігер, баған негіздері, адам мүсініАңдатпа
Нахчыван Автономиялы Республикасы бай тарихқа ие. Бұл өңірдің әрбір бұрышы мен әрбір тасы өз ішінде тарихтың іздерін сақтайды. Осы аймақ қоныстарынан табылған археологиялық олжалар Әзербайжан археологиясы үшін үлкен маңызға ие. Бұл табыстарды зерттеу кезінде бір кездері Нахчыванда өмір сүрген адамдардың тұрмыс-тіршілігі мен шаруашылық қызметі туралы жаңа мәліметтер алуға болады. Осы тұрғыда Нахчыван өңіріндегі қоныстардан табылған Орта ғасырлар кезеңіне жататын археологиялық олжалардың ғылыми маңызы бар. Зерттеулер далалық жұмыстар мен кітапханалық ізденістер арқылы жүргізілді. Жұмыс нәтижесінде бұл археологиялық олжалар кездейсоқ емес, белгілі бір мақсатта қолданылғаны анықталды. Зерттеу барысында осы археологиялық нысандардың пішіндері мен ерекшеліктеріндегі айырмашылықтар олардың жеке шеберханалардың туындылары болғанымен түсіндірілетіні белгілі болды.


