ТАРБАҒАТАЙ ТЕРІСКЕЙІНДЕГІ ҚОЛА ДӘУІРІНІҢ БЕЛБАСТАУ ҚОРЫМЫ
Кілт сөздер:
қола дәуірі, Тарбағатай, тас жәшік, қыш ыдыс, қола бұйымАңдатпа
Бұл мақала Тарбағатай теріскейіндегі қола дәуіріне тән археологиялық ескерткіштерде жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижелерін сипаттауға бағытталған. Жүргізілген зерттеулер Белбастау қорымындағы тас қоршауларды, олардың жерлеу дәстүрлерін, табылған металл және қыш бұйымдарды талдауға негізделді. Археологиялық қазбалардан алынған материалдар андрон мәдени-тарихи қауымдастығының өкілдерімен байланысын дәлелдейді. Табылған қола моншақтар, қыш ыдыстар және тас жәшіктердің құрылысы мәдениетаралық байланысты көрсетеді және осы мәдениеттің әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері Қазақстан аумағындағы қола дәуірі мәдениеті туралы тың мәліметтерді ғылыми айналымға енгізуге ықпал етеді және болашақтағы археологиялық зерттеулер үшін құнды дереккөз болмақ.