ҚАЗАҚСТАНДА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ТАРИХИ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Кілт сөздер:
кәсіпкерлік, реформа, әлеуметтік-экономикалық реформалар, меншік, орта тап, кәсіпкерАңдатпа
Бұл ғылыми мақалада 90-жылдардың бас кезінде Қазақстан өз тәуелсіздігін алып жаңа мемлекет ретінде қалыптаса бастаған кезеңдегі жаңа әлеуметтік құбылыс – кәсіпкерліктің қалыптасуының алғышарты болған әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар туралы қарастырылады. Автор мақалада сол кезеңде жүргізілген реформалардың жетістіктері мен кемшіліктерін атап көрсетеді. Кәсіпкерлік – жаңа әлеуметтік институт, кәсіпкерліктің қалыптасуы біздің қоғамға көптеген өзгерістер алып келді. Жаңа әлеуметтік топтар мен жіктер пайда болды, қоғамның әлеуметтік құрылымы өзгеріске ұшырады. Әкімшіл-әміршіл жүйедегі экономиканың күйреуі, нарық элементтерінің пайда болуы бұрынғы қоғамдағы шаруашылық субъектілерінен әлдеқайда өзгеше, өзінің инновациялық мінез-құлқымен ерекшеленетін жаңа шаруашылық субъектілерін әкелген болатын. Қазіргі уақытта елімізде орта таптың бір жігі ретінде қалыптасқан кәсіпкерлер тобы қоғамның дамуы мен әлеуметтік-саяси тұрақтылыққа, әлеуметтік жіктелуге, әлеуметтік мобильдікке де өз әсерін тигізіп келеді. Нарықтық экономика мен демократиялық дамуға бағытталған Қазақстанның осыдан 30 жыл бұрынғы тарихи таңдауы қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірінің барлық жақтарын реформалауға мүмкіндік берді.