Ресей империясының Түркістанда ислам ықпалын әлсіретуге бағытталған  заңнамалық және барлау әдістері  (ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басы)

Авторлар

  • Мырзахан Эгамбердиев Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. Автор https://orcid.org/0000-0002-1022-0483

Кілт сөздер:

Түркістан, Ресей империясы , отаршылдық саясат, ислам , әкімшілік бақылау, құқықтық реттеу , барлау қызметі

Аңдатпа

Аңдатпа. XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басында Түркістан өлкесі Ресей империясының отаршылдық саясатының негізгі аймақтарының бірі болды, оның стратегиялық маңызы Ауғанстан, Иран және Шығыс Түркістанмен шектесуінен көрінді. Геосаяси рөлінен бөлек, бұл өңір өзіндік этносаяси құрылымымен ерекшеленді, онда терең отырықшы-көшпелі дәстүрлері бар түркімұсылман халқы өмір сүрді. Бұл ерекшеліктер ресейлік әкімшілік нормаларын енгізуге кедергі жасап, империялық идеологиялық концепциялардың таралуын шектеді. Осыған жауап ретінде патша әкімшілігі исламның ықпалын әлсіретуге және өңірді империяның бірыңғай кеңістігіне интеграциялауға бағытталған заңнамалық және әкімшілік шаралар жүйесін әзірледі. Ең маңызды шаралар қатарында медреселер мен шариғат соттарының қызметін шектеу, діни қызметкерлерді қатаң бақылауға алу, қажылыққа баруды реттеу және мұсылман халықтың міндетті есебін енгізу болды. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін статистикалық деректерді жинау, діни көңіл-күйді бақылау және жергілікті халық арасында барлау жұмыстарын жүргізумен айналысатын мамандандырылған мемлекеттік және құпия органдар құрылды. Алайда исламды реттеу саясаты өз мақсатына толық жете алмады: енгізілген шектеулер аймақта діни және ұлттық сананың күшеюіне алып келіп, нәтижесінде модернистік және реформаторлық қозғалыстардың белсенді дамуына 
ықпал етті. Бұл зерттеу Ресей империясының Түркістандағы исламды басқаруға бағытталған құқықтық және әкімшілік механизмдерін талдауға арналған. Онда негізгі заңнамалық бастамалар, арнайы бақылау органдарының қызметі және олардың өңірдің әлеуметтік-саяси процестеріне әсері қарастырылады. Жұмыс тарихи әдіснамаға, ретроспективті талдауға және Ресей империясындағы ислам мәртебесін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді зерттеуге негізделген.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-11

Журналдың саны

Бөлім

Мақалалар

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ресей империясының Түркістанда ислам ықпалын әлсіретуге бағытталған  заңнамалық және барлау әдістері  (ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басы). (2025). "Қазақ тарихы" ғылыми журналы, 1, 4-15. https://journal.historyculture.kz/index.php/journals/article/view/42

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.