Жеті Ата көшесінде жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары

Авторлар

  • Мэлс Маратұлы Бахтыбаев Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік униерситеті, Түркістан, Қазақстан  Автор
  • Сағынбай Серікбайұлы Мургабаев Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік униерситеті, Түркістан, Қазақстан  Автор
  • Марат Қымызұлы Тұяқбаев Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік униерситеті, Түркістан, Қазақстан  Автор
  • Қуаныш Сүйіндікұлы Арынов Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлтық университеті, Алматы, Қазақстан Автор
  • Бағдәулет Сапарбайұлы Сиздиков Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік униерситеті, Түркістан, Қазақстан  Автор

Кілт сөздер:

Түркістан, орта ғасыр, қазба, көше, мәдени қабат, қақпа, кесік, түрғын үй, керемика

Аңдатпа

Андатпа. Кейінгі ортағасырлық Ескі Түркістан қаласында Жеті Ата, Дарбаза Мүсәллә, Иқан және Тәкиә қақпаларынан бастау алған магистральді көшелер осы қақпалардың атымен аталған. Магистральді көшелерге қосылған шағын көшелер қала ішіндегі махалләларды бір бірімен байланыстырып күрделі көшелер жүйесін құраған. 2020 жылы Жеті Ата магистралды көшесі бойындағы нысандарды қалпына келтіру мақсатында қазба жұмыстары көшенің шығыс бөлігінде жүргізіліп, махалләлардың планиграфиясы мен құрылымы айқындалды.  Зерттеу барысында алынған керамикалық кешенді талдау жасай отырып, ашылған мәдени қабаттар XVІIІ-XIХ ғғ. жататындығы анықталды. Археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қала құрылысының ішіндегі көшелер бойында орналасқан махалләлар жайлы деректер алынып, тұрғын үйлер сыртқы беті жабық, өзіндік  құрылысымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, тұрғын үйлердің ішкі ауласы бар бірнеше бөлмеден тұратындықтары анықталды. Қазба кезінде сопақ немесе алдыңғы жағы дөңгелелек болып келетін шет жағы қышпен қаланып келетін жер ошақтар көптеп кездесті. Мұндай ошақтар үйді жылыту үшін де, тамақ асу үшін де пайдаланылған ашық үлгідегі ошақтар Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның орта ғасырлардағы тұрғын үйінде кең тараған. 

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-11

Журналдың саны

Бөлім

Мақалалар

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жеті Ата көшесінде жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары. (2025). "Қазақ тарихы" ғылыми журналы, 1, 22-30. https://journal.historyculture.kz/index.php/journals/article/view/46

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 17

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.