Орталық Азиядағы су ресурстары: өзекті мәселелер, даму стратегиясы және Қазақстан тәжірибесі

Авторлар

Кілт сөздер:

Орталық Азия, Қазақстан, су ресурстары, климаттың өзгеруі, аймақтық қауіпсіздік, гидрологиялық режим

Аңдатпа

Орталық Азияның су ресурстары өңірлік қауіпсіздікті қалыптастыруда, әлеуметтік-экономикалық дамуда және экологиялық тепе-теңдікті сақтауда ерекше орын алады. Таза судың тапшылығы жаһандық климаттың өзгеруі, халық санының өсуі және шаруашылық қызметтің артуы жағдайында күшейе түсуде. Мақалада Орталық Азиядағы, соның ішінде Қазақстандағы мәселенің табиғи, әлеуметтік және саяси-құқықтық қырлары қарастырылып, негізгі қатерлер айқындалады және оларды еңсеру жолдары ұсынылады. Климаттың өзгеруі мен гидрологиялық режимнің болжамдарына, сондай-ақ мемлекетаралық ынтымақтастықтың болашағына айрықша назар аударылған. Зерттеудің негізгі мақсаты – Орталық Азиядағы су ресурстарының тарихи эволюциясын, олардың әлеуметтік-экономикалық және саяси маңызын айқындау, аймақ елдерінің даму траекториясындағы рөлін көрсету. Сонымен бірге Қазақстанның тәжірибесін негізге ала отырып, су ресурстарын басқарудың тарихи сабақтарын айқындап, қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелерді талдау. Зерттеу барысында тарихи-деректанулық, салыстырмалы-талдау және жүйелік әдістер қолданылды. Статистикалық деректер, ғылыми әдебиеттер мен халықаралық ұйымдардың материалдары пайдаланылды. Салыстырмалы-тарихи әдіс арқылы Орталық Азия елдеріндегі су ресурстарын пайдалану тәжірибесі қарастырылып, Қазақстан үлгісінің ерекшеліктері айқындалды. Сондай-ақ тарихи-экологиялық талдау негізінде климаттық өзгерістердің су жүйесіне ықпалы мен оның әлеуметтік салдары зерделенді

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Мақалалар

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Орталық Азиядағы су ресурстары: өзекті мәселелер, даму стратегиясы және Қазақстан тәжірибесі. (2025). "Қазақ тарихы" ғылыми журналы, 2, 42-49. https://journal.historyculture.kz/index.php/journals/article/view/57

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 16

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.