ХХ ғасыр басындағы Шығыс Қазақстандағы Алаш қозғалысының құрылымдық-институционалдық қызметі: тарихи талдау

Авторлар

  • Әбубәкір Марлен Нұрланұлы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Автор

Кілт сөздер:

ХХ ғасыр басы, Алаш қозғалысы, Алашорда, Шығыс бөлімше, Ұлттық автономия, Қазақ мемлекеттілігі, , архивтік деректер, институционалдық құрылым, земство

Аңдатпа

Аңдатпа. ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының саяси санасының серпінді оянуы мен ұлттық жаңғыру үдерісінің жарқын көрінісі – Алаш қозғалысы болды. Бұл мақалада аталған қозғалыстың Шығыс Қазақстан өңіріндегі, нақтырақ айтқанда, Семей орталығы аясындағы құрылымдық-институционалдық қызметі тарихи деректер мен архивтік материалдар негізінде кешенді түрде талданады. 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістерінен кейін қазақ зиялылары ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру мақсатында нақты әрекеттерге көшіп, Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметін жариялады. Семей қаласы Алаш автономиясының уақытша астанасы ретінде таңдалып, осы өңір қозғалыстың саяси орталықтарының біріне айналды. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Шығыс Қазақстан облыстық қазіргі заман тарихының құжаттама орталығы қорларындағы сирек кездесетін тарихи құжаттар кешені пайдаланылды. Олардың қатарында Алашорда Шығыс бөлімшесінің ресми хаттары, бұйрықтары, мөрі бар бланкілері, жергілікті билік органдарымен алмасқан хат-хабарлар, сондай-ақ өзге билік құрылымдарымен (Уақытша Сібір үкіметі, Колчак әкімшілігі, земстволар, қалалық думалар) байланыстарды көрсететін материалдар бар.

Зерттеудің мақсаты – Алашорда үкіметінің Шығыс бөлімшесінің құрылымын, функцияларын және саяси-құқықтық қатынастар жүйесін институционалдық деңгейде талдау. Мақалада Алашорданың әскери, әкімшілік, сот және милиция жүйелерін құру жолындағы әрекеттері, жергілікті институттармен өзара ықпалдастық деңгейі және олардың автономия тұжырымдамасындағы орны жан-жақты қарастырылған. Зерттеу барысында тарихи-генетикалық, институционалдық, салыстырмалы және жүйелік талдау әдістері қолданылды. Ғылыми жаңалық ретінде Шығыс бөлімшенің қызметіне қатысты бұрын фрагментті сипатта қаралған деректерді жүйелі реконструкциялау арқылы тұтас тарихи-теориялық бейне жасалуы атап өтіледі. Бұл мақала Алаш қозғалысының өңірлік сипатын тереңірек ашып, қазақ мемлекеттілігінің алғашқы нышандарының қалыптасу үдерісін жаңа қырынан пайымдауға мүмкіндік береді. Тарихи таным тұрғысынан алғанда, бұл зерттеу ХХ ғасыр басындағы ұлттық модернизацияның институционалдық негіздерін түсінуге елеулі үлес қосады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Мақалалар

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ХХ ғасыр басындағы Шығыс Қазақстандағы Алаш қозғалысының құрылымдық-институционалдық қызметі: тарихи талдау. (2025). "Қазақ тарихы" ғылыми журналы, 2, 14-22. https://journal.historyculture.kz/index.php/journals/article/view/54

Ұқсас мақалалар

11-20 тен 30

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.