Тарихи топонимика және сакральді топография
Кілт сөздер:
топонимика, этникалық тарих, сакаральді кеңістік, топография, мәдени ланшафтАңдатпа
Мақалада ортағасырлық топонимиканың этникалық аумағының қалыптасуындағы маңызы талданады. Зерттеу мәселесі пәнаралық негізде тарихи жазба деректер мен ауызша дерек мәліметтерін салыстырмалы түрде қарастырылады. Мақалада қазақ халқының ортағасырлық топонимикалық жүйесін этноонтологиялық контексте зерттей отырып, біз белгілі бір этникалық топтың уақыт континуумы – оның геомәдени болмысы деген ұстанымды басшылыққа алдық. .
Деректік базасы ортағасырлық Қазақстан тарихының мәселелеріне қатысты дәстүрлі жазба тарихи дереккөздер, ауызша тарихнамаға қатысты ауқымды ескерткіштер кешенін, әдеби шығармалар, сонымен қатар соңғы археологиялық-этнографиялық сипаттағы материалдардың деректерінен тұрады. Топонимдердің қасиеттілікке ие болуынының тарихи-мәдени аспектілерін зерттеуге назар аударылды. Сондықтан қазақ халқының этникалық территориясының қалыптасу аспектісіндегі ортағасырлық топонимика мәселелерін зерттеуде олар туралы фольклорлық материалдар, әсіресе жыраулар поэзиясынан тұратын ұлттық сипттағы деректер зерттеуімізге күрделі мәселелерді қозғауға мүмкіндік береді. Ономастикалық кеңістікті халықтың санасында қазіргі кезде өмір сүріп жатқан дүние үлгісімен салыстырмалы түрде талдау арқылы оның этникалық тарихының маңызды мәселелерін, этникалық аумақтың қалыптасуын, этногенез және этникалық байланыстар мәселелерін талдаудың мазмұнын тереңдета аламыз.